Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі желтоқсанда 26 440 теңге болды

46

0

Қазақстанда 2018 жылдың желтоқсан айында жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 26 440 теңгені құрады. Бұл өткен айдағыдан 1,3 % аз (қараша айында – 26 108 теңге), деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Негізгі азық-түлік өнімдерінің ең аз нормалары бойынша есептелген, ең төменгі күнкөріс деңгейінің жан басына шаққандағы орташа мөлшері 2018 жылғы желтоқсан айында 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 3,3 % артқан. Өткен айда ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымында: ет пен балыққа шығындардың – 20,5%, сүт, май өнімдері және жұмыртқаға – 16,3%, көкөністер мен жемістерге – 8,3%, нан өнімдері мен жарма өнімдеріне – 7,6%, қант, шай және дәмдеуіштерге – 2,3% жұмсалған. 

Автор: Асхат Ахметбеков 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз