Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік «MOST» Бизнес-инкубаторымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрлігінің қолдауымен биыл 17 маусымнан 17 қыркүйекке дейін «Қазақстанның инновациялық компанияларының рейтингі 2018» үшін өтінімдер қабылдауды бастайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы бүгін ҚР ИДМ Медиа-орталығында өткен брифингте Технологиялық және инновациялық даму департаменті директорының орынбасары Несіпгүл Есенбаева мен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сәбденов хабарлады.
«Рейтинг компаниялардың арасында инновациялық қызметті ынталандыруға, цифрландыруға көшу қызығушылығын арттыруға, түрлі салаларда жұмыс істейтін жоғары инновациялық белсенділігі бар қарқынды дамып келе жатқан қазақстандық компанияларды анықтауға бағытталған. Рейтингке кез-келген қазақстандық компания қатыса алады. Инновациялық белсенділік жобалардың инновациялық-технологиялық деңгейі, кәсіпорынның жалпы шығындарынан жаңа технологияларға қаржылық шығындарының мөлшері, жаңа өнімдерді өндірудің немесе жаңа технологияларды енгізудің экономикалық әсері, компания қызметкерлерінің жалпы санынан инновациямен айналысатын қызметкерлер саны және Кәсіпорында инновациялық қызметке жыл сайын жұмсалған адам-сағат саны бойынша бағаланады» – деді ол.
Рейтингтің көшбасшылары тәуелсіз сарапшылардың және «ТДЖҰА» АҚ технологиялық бағалауы негізінде таңдалады. Тәуелсіз сараптамалық комиссия құрамына инновациялар саласындағы қоғам қайраткерлері мен мамандар кіреді.
«МОST» бизнес-инкубаторының оперативті директоры Алина Исаханованың айтуынша, былтырғы жылға қарағанда айырмашылықтар бар.
«Атап айтқанда, рейтингтің әдістемесі «ТДЖҰА» АҚ қосымша өлшемдерді және технологиялық бағалауды енгізу арқылы жетілдірілді және түзетілді. Бұл өтінім беруші компаниялар жобаларының инновациялылығы мен технологиялылығын неғұрлым дәл анықтауға мүмкіндік береді. Рейтингтің көшбасшылары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және Интернет-порталдарда ақпарат кеңінен жарияланады. Рейтингтің қорытындылары «ТДЖҰА» АҚ мен TheSteppe веб-сайттарына шығады» – дейді Алина Исаханова.
Қазақстанның инновациялық компанияларының рейтингі 2018 жобасына қатысу үшін рейтингтің https://natd.gov.kz/activity/rating/ ресми интернет-парақшасы арқылы өтініш беруге болады.
Қазақстанның инновациялық компанияларының рейтингі алғаш рет 2017 жылы өткізілді. Нәтижелерін TheSteppe веб-сайтынан келесі сілтеме арқылы көруге болады: https://the-steppe.com/most-rating.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<