Қазгидромет 21-23 маусым күндерінің ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Синоптиктердің айтуынша, алдағы үш күнде Қазақстанда ауа температурасы төмендейді.
«Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік аудандары және Батыс Сібір арқылы атлантикалық циклондардың жылжып келуіне байланысты республиканың солтүстік жартысында жауын-шашынды салқын ауа райы байқалады. Оңтүстік облыстарда жоғары атмосфера қысымына байланысты жауын-шашынсыз ыстық ауа райы орнығады. Алдағы үш күнде атмосфералық процестер алмасып, Қазақстанға Батыс Сібірдің солтүстік аудандарынан салқын әрі ылғалды ауа ағыны келеді. Сондықтан республиканың солтүстік облыстарында ауа температурасы төмендейді, күн күркіреп, жаңбыр жауады. Сондай-ақ солтүстік-батыстан күшті жел соғады», – делінген хабарламада.
Республиканың оңтүстік облыстарындағы аптап ыстық 23 маусымға қарай басылып, ауа температурасы 33-38 градустан 28-35 градусқа дейін төмендейді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<