Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 284-ке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
«30 наурыз сағат 00.20-дағы жағдай бойынша коронавиурс індетін жұқтырудың тағы бір оқиғасы Ақтөбе облысында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында – 167 адам, Алматы қаласында – 70 адам, Қарағанды облысында – 7, Ақмола облысында – 6 адам, Атырау облысы – 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 6 адам, Ақтөбе облысында – 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 2 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, жалпы 284 науқас тіркелді», – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында жаңадан анықталған жағдай туралы онлайн-брифинг барысында айтылған болатын. Науқас Түркияның Ыстанбұл қаласынан Ақтауға, Ақтаудан Ақтөбеге ұшып келген. Ұшақтан түскен барлық 18 адам оқшауланып, анализ алынды. Біздің каналымызға жазылыңыз:
Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 284 болды
30.03.2020
322
0





