Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші кезеңі басталды

301

0

Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші кезеңі басталды Жалпы 40718 түлек тестілеуді қайта тапсыруға ниет білдірген. Олардың қатарында кешенді тестілеуден өтетіндер де бар, деп хабарлады 24 кз.
Түлектердің 11-і сұрақтарға ағылшын тілінде жауап беріп көрмек. Құзырлы министрліктің хабарлауынша, ҰБТ-ның екінші кезеңі мен кешенді тестілеуді өткізу үшін еліміз бойынша 40 базалық университет таңдалған.
Еске салайық, ҰБТ-ны қайта тапсыратын түлектер 2242 теңге төлеуге міндетті. Ал апелляция өтініштері тестілеу нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданып, бір күн ішінде қарастырылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<