Синоптиктер 28-30 наурыз күндерінің ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, Өзбекстан аумағының үстінде тұрған циклонға байланысты белсенді бұлтты массив солтүстік-шығыс бағытымен жылжып келеді. Соған қарай Қазақстанның оңтүстігінде алдағы күндері жаңбыр жауады, күн күркіреп, күшті жел екпіндете соғады.
Солтүстік-шығысқа қарай қозғалған циклон республиканың орталық, оңтүстік-шығыс және шығыс аудандарына жауын-шашын, негізінен жаңбыр алып келеді.
Батыс және солүстік облыстарға Ресейдің еуропалық бөлігінен ауа ағындары жылжып келеді. Аталған өңірлерде жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауып, түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Ауа температурасы көп жылдық орташа мәннен 3…5 градусқа жоғары болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<