Қазақстанда танымал ЖОО-лар тізімі жасалды

308

0

Қазақстанда танымал ЖОО-лар тізімі жасалды Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыаова қазақстандық абитуриенттер үшін ең танымал жоғарғы оқу орындарын атады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 
 «Бұл әдетте біздің дәстүрлі университеттеріміз», – деді Жақыпова.  Білім және ғылым министрлігінің нұсқасы бойынша танымал ЖОО-лар тізімі:
– Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
– Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
 – Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті;
 – Есенов атындағы Каспий технологиялық университеті;
– Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті;
 – Халықаралық IT-университеті;
– Қазақстан-Британ техникалық университеті;
 – Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті.
 Вице-министрдің айтуынша, талапкерлер бағыттар мен жоғары оқу орындарын мұқият таңдайтын болған.