Қазақстандағы ЖОО-лар жекелеген мамандықтарды оқыту құқығынан айырылуда

305

0

Қазақстандағы ЖОО-лар жекелеген мамандықтарды оқыту құқығынан айырылуда Қазақстандағы Жоғарғы оқу орындары жекелеген мамандықтарды оқыту құқығынан, яғни лицензиядағы қосымшалардан айырылып жатыр. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында брифинг өткізген ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Биыл «Білім туралы» заңның «ЖОО-лардың академиялық дербестігі» бөлігіне өзгерістер енгізілген болатын. Шынында да, ЖОО-лардың жауапкершілігі артып келеді. Сондықтан, ЖОО-лардың бірқатары бірігіп, «Академиялық адалдық лигасын» құрғалы жатқанын жариялады. Біз бұл қадамды қолдаймыз. Сонымен бірге, министрлік тарапынан ЖОО-лардың білім бағдарламасына талаптар күшейтіліп келеді. ЖОО-ға жұмысқа тұру тұрғысында да талаптар күшейтілетін болады», – дейді вице-министр. Демек, университет белгілі бір мамандық бойынша мамандарды дайындап, бұл ЖОО түлектері оқу бітіргеннен кейін жұмыс таба алмаса – онда БҒМ ол оқу орындарының алдына «Қажетті мамандарды дайындап жатырсыздар ма? Ол мамандықтың қажеті бар ма?» деген сұрақтарды кесе-көлденең тартады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<