Боксшының дисквалификациясының мерзімі қашанға дейін созылатындығы анықталмаған, яғни ол белгісіз мерзімге бокстан шеттетілген. Шыңғысханға дисквалификация берілуінің себебі де анық емес. Ол 24 тамыз күні Цинциннати (АҚШ, Огайо штаты) қаласында жекпе-жек өткізуі тиіс еді, енді ол кездесу болмайды. Қазақстандық боксшы соңғы рет сәуір айында америкалық Айзек Фримэнді (3-7-1, 3 КО) жеңген еді.
Қазақстандық боксшы белгісіз мерзімге бокстан шеттетілді
13.08.2018
357
0





