Мұндай қиын кезеңде Әнуар достарымен бірге пайда табуды ойлап, КСРО құлағаннан кейін коммерциялық қызметті бастаған алғашқы кәсіпкерлер болады. Көрермендерді достық пен сатқындық, махаббат пен айырылысу және өмірдің шынайы құндылықтары жайлы хикая күтеді.
Кинотаспадағы басты кейіпкерлерді Асқар Ілиясов, Шәріп Серік, Расым Жұбаев пен Айсұлу Әзімбаева сомдады. Картина 2017 жылдың жазында Алматыда түсірілді.





