20 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы мансабындағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Төрт кездесуінде де қарсыласын уақытынан бұрын ұтып шықты. Кәсіпқой боксқа осы жылы қадам басқан болатын. Садриддин Ахмедов әуесқой деңгейде 2016 жылы әлем чемпионы атанған боксшы. Кәсіпқой бокстағы төрт кездесуін де Канада жерінде өткізді. Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қойған. Бұл компанияда Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО), Абылайхан Хұсаинов (9-0, 6 КО) және Нұрзат Сабыров (7-0, 6 КО) сынды қазақ боксшылары бар. Монреальдағы бокс кешінде Абылайхан Хұсайнов та шаршы алаңға шықты. 8 раундқа жоспарланған жекпе-жекте мексикалық Хесус Лагунаны 2:54 минутта нокаутқа түсірді.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы қарсыласын 57 секундта нокаутқа түсірді
13.10.2018
440
0





