Қазақстандық спортшы джиу-джитсудан 2018 жылғы әлем чемпионы атанды

215

0

Қазақстандық спортшы Айдар Махметов Ресейдің Мәскеу қалаласында джиу-джитсудан өткен чемпионатта АСВ нұсқасы бойынша 2018 жылғы әлем чемпионы атанды.

Спортшы бұл туралы Фейсбуктегі парақшасында хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Мәскеуде АСВ нұсқасы бойынша джиу-джитсудан 2018 жылғы әлем чемпионы атандым! Құдайға шүкір көптен күткен алтынға да қол жеткіздім!», – деп жазды әлем чемпионы Фейсбук парақшасында.

Айдар Махметов 75 келіге дейінгі салмақ санатында қызылкүрең белдіктер арасындағы шеберлер дивизионында (36-40 жас) өнер көрсетті.

«Үш айқас – үш жеңіс: ресейлік, армяндық және финалда ирандық. Сондай-ақ, басқа санатта өнер көрсеткен жолдасым Мұрат Бермұхамбетов қола жүлдені иемденді. Бұл жеңіске қуанып отырмын. Аллаға мың да бір шүкір!»- деп жазды отандасымыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<