Бейрутта (Ливан) кадеттер арасында өткен дзюдодан Азия чемпионатында отандастарымыз 6 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрлықтық чемпионаттың соңғы күнінде қазақстандық жас татами шеберлері қоржынға 4 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлде салып, медаль саны бойынша жалпыкомандалық есепте 1-орынға шықты.
Екі күннің қорытындысы бойынша Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы 6 алтын, 5 күміс және 4 қола медальмен жарысты аяқтады.
Осыған дейін жарыстың бірінші күні 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алғаны туралы жазған болатынбыз.
Жарыстың соңғы күні жүлде алған отандастарымыз:
Алтын – Сәдуақас Бекарыс (90 кг)
Алтын – Мұхамбет Зұлхарнаев (+90 кг)
Алтын – Кристина Сотникова (63 кг)
Алтын – Маргарита Гриценко (70 кг)
Күміс – Ханифа Тугушева (57 кг)
Күміс – Мадина Парагульгова (+70 кг)
Күміс – Аян Байғазы (81 кг)
Қола – Шырын Қадірсіз (57 кг)
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<