![](https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2019/news_294729/thumb_xm/photo_52868.jpg)
Өткен жылдың желтоқсан айында Медициналық сақтандыру қорына 10,4 миллиард теңгеден аса жарна түсті. Оның 124,3 миллиард теңгесі (шамамен 93,5 пайыз) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,7 миллиард теңге (6,5 пайызға жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады.
Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.
Еске салайық, 2017 жылы 1 шілде – 31 желтоқсан аралығында Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна көлемі – 32,1 миллиард теңге болды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<