Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады?

577

0

Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады? 2019 жылдың наурызы – мерекеге толы ай. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мерекесін атап өтуге байланысты қазақстандықтар 14 күн демалады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық әйелдер күні жұма күнге сай келуіне байланысты, мереке үш күн – 8-10 наурыз аралығында тойланады.

Дәстүр бойынша, Қазақстанда көктемгі Наурыз мерекесі 3 күн – 21 наурыздан 23 наурызға дейін аталып өтіледі. 23 наурыз сенбіге сай келетіндіктен, демалыс күн дүйсенбіге, 25 наурызға ауысады.

Жалпы, наурызда 14 демалыс және 17 жұмыс күні бар.