Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады?

336

0

Қазақстандықтар көктемнің алғашқы айында 13 күн демалады.
Қазақстанда наурызда екі ресми мереке аталып өтеді.  Биыл 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, 9 наурыз – дүйсенбі демалыс болады. Осылайша 3 күн қатарынан демалыс беріледі.
21-23 наурызда елімізде үш күн Наурыз мейрамы тойланады. Бұл мерекенің екі күні – 21 және 22 наурыз демалыс күндеріне түсетіндіктен, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 5 күн қатарынан, яғни 21-25 наурызда демалу мүмкіндігіне ие болады.
Сонымен, 1, 14, 15, 28 және 29 наурыздағы барлық демалыс күндерін қоса алғанда қазақстандықтар көктемнің алғашқы айында 13 күн демалады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<