Оның айтуынша, ондай нөмірлерді көбіне Астана мен Алматы тұрғындары сатып алған. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, арнайы ХҚКО-ларда жарты жыл ішінде жалпы сомасы 1 913 267 539 теңге болатын мемлекеттік нөмірлер тіркелген. «Бұл сома былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда үш есеге көп. 2017 жылдың 6 айында қазақстандықтар 1574 әдемі нөмір үшін 587 406 055 теңге төлеген», – деп жазған Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай Facebook желісіндегі парақшасында. Оның айтуынша, әдемі нөмірлерді көбіне Астана мен Алматы қаласының тұрғындары алған. Сондай-ақ, тізімде Түркістан (580), Жамбыл (457) және Қостанай облыстары (376) бар..
Қазақстандықтар жарты жылда әдемі нөмірлерге 2 миллиард теңге жұмсаған
31.07.2018
274
0





