Қазақстандықтардың орташа жалақысы қанша екені белгілі болды

317

0

Қазақстандықтардың орташа жалақысы қанша екені белгілі болды Тимур Сүлейменовтің айтуынша, еңбекақы қалыпты қарқынмен өсіп жатыр. Осы жылдың қаңтар-мамырындағы жағдай бойынша қазақстандықтардың орташа айлық еңбекақысы 152,8 мың теңгені құрады. Бұл туралы бүгін ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Министр Қазақстанда бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша еңбекақы қалыпты қарқынмен өсіп жатқанын атап өтті.

“Осы жылдың қаңтар-мамырындағы орташа айлық еңбекақы 152,8 мың теңгені құрады және нақты мәнде 0,8 процентке өсті. Қаңтар-сәуірде нақты ақшалай кірістер 1,2 процентке өсті”, — деді Сүлейменов үкімет отырысында. 

 

Сондай-ақ, ол экономикалық қызметтің барлық дерлік сегментінде оң серпін байқалып отырғанын айтты.

“Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің өсімі 4,1 процентті құрады. Инфляция біртіндеп азайып келе жатыр және соңғы үш жылдағы ең төмен мәнге жетті. Жыл басынан бері ол 2,6 процентті құрады, ал жылдық инфляция – 5,9%. Инфляцияның барлық компоненті бойынша баға өсімі бәсеңдегені байқалады”, — деді министр.

Ал негізгі капиталға салынатын инвестициялар бойынша жоғары өсу үрдісі сақталған. Өсім 25,8%-ті құрады.

“Биыл 1 маусымындағы жағдай бойынша елдің халықаралық резервтері 0,9%-ке ұлғайып, 89,9 миллиард АҚШ долларына дейін жетті. Ұлттық қордың активтері 1,5 процентке өсті”, — деп түйіндеді Сүлейменов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<