Атмосфералық ауа ағындарынан кейін суық антициклон ауысып, соған байланысты ауа температурасы төмендейді: 1-2 және 4-5 желтоқсан аралығында батыста, солтүстік-батыста түнде 10-20 градус, күндіз 5-10 градус аяз болады;
1-2 және 4-7 желтоқсанда солтүстікте, орталықта және айдың басында елдің шығысында түнде 15-25 градус, кей жерлерде 30 градусқа дейін, күндіз 10-18 градус аяз болуы ықтимал; 1-3 желтоқсанда оңтүстік, оңтүстік-шығыста түнде 8-18 градус, күндіз 2-10 градус аяз.





