Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

277

0

Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды; жел  күшейіп, дауыл соғуы, бұршақ жаууы ықтимал. Тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-25 м/с болып, күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ жаууы ықтимал, түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады. Қарағанды, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі.

Күндіз Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында қатты ыстық түседі, кей жерлерінде күн өте қатты ысиды. Маңғыстау, Атырау облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<