Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады

271

0

Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады «Қазгидромет» РМК 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын сақталады. Елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысында қатты жел соғып, тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, екпінді жел соғады, оңтүстік және оңтүстік-шығыста найзағай, шаңды дауыл, бұршақ, солтүстікте көктайғақ күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с жетеді, бұршақ болуы мүмкін.
Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе  облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с жетеді. Атырау облысында шаңды дауыл соғады. Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан. Павлодар, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, тұман түседі.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<