Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның аумағында құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды; жел күшейіп, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін; оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Оңтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді; дауыл, тұман болып, бұршақ жаууы мүмкін; түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман, күндіз дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл облысының кей жерлерінде дауыл соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Қызылорда облысында күндіз жел соғып, шаңды дауыл тұрады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Алматы облысының, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Павлодар облысында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<