Қазақстанның даму жолы өзгелерге үлгі

1223

0

  Елбасы Назарбаев өзіне сенім артқан Қазақстан халқына ең бір қиын жылдардың өзінде орындалуы мүмкін болмайтын мәселеге байланысты ешқандай уәде бермеді.

Халық алдындағы беделі сонысымен де арта түсті. Егер уәде бере қалса, бәрін орындады. Бойындағы туа біткен қасиеті және өмірлік тәжірибемен бекіген төзімшілдігі, сабырлылығы, ұстамдылығы бар Тұңғыш Президент бүкіл қазақстандықты өзінің айналасына топтастыра алатын саясаткер және дара тұлға екендігін танытты.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Елбасы белгілеген және батыл жүргізген бағыт өзін өзі ақтады және алдағы уақытта да өміршең болатындығын дәлелдеп отыр. Мемлекет басшысының бұл саясаты мен бағыты қазіргі уақытта «Қазақстанның даму жолы» ретінде дүние жүзі қауымдастығымен мойындалды.

Зухра МӘДИ,

№11 мектеп мұғалімі,

Тасбөгет кенті,

Қызылорда қаласы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<