Қазақстанның екі өңірінде тас жолдар жабылды

241

0

Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің екі өңірінде тас жолдар жабылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

«Қазавтожол» мәліметінше, Қызылорда мен Ақтөбе облысындағы тас жолдарда көлік қозғалысы уақытша тоқтатылған.

Қызылорда облысы

Ауа райының қолайсыздығы  (нөсер жауын мен көктайғақ) Арал қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін, Шымкент –Самара республикалық тасжолының 1362-1240 километрінде қозғалысты тоқтатуға әкеп соқтырды.

Ақтөбе облысы

Жаңбыр мен көктайғақтың салдарынан Ырғыз елді мекенінен Қызылорда облысының шекарасына дейін, Самара – Шымкент тасжолының 1153-1240 километрінде көліктің барлық түрі үшін жол жабылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<