Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды

290

0

Қар, көктайғақ және қатты бұрқасыннан «Самара-Шымкент» тас жолының екі учаскесі жабылды деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

«Қарабұтақ кентінен Қызылорда облысының шекарасына дейінгі 965-1240 шақырым учаскеде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды. Сондай-ақ, Ақтөбе облысында осы жолдың Аралдан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі 1357-1240 шақырым учаскесі жабылды», – деп мәлімдеді ТЖК баспасөз қызметі.