Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек отандық тауарларды шетелге шығару бойынша есеп берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл экспорттың оң үрдісі сақталып келеді. 2018 жылдың екі айы бойынша экспорт 8,8 млрд доллардан асты. Бұл өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 27,4 процентке, яғни 6,9 млрд долларға артық», – деді Ж.Қасымбек. Министрдің айтуынша, экспорттық стратегия аясында 2022 жылға дейін шикізаттық емес экспорттың көлемін 1,5 есеге ұлғайту қажет. Соңғы бес жылдың ішінде жалпы экспорт көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 23 проценттен 32-ге дейін өсті. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 25 процентке артып, 69,5 млрд долларға жетті. Айта кетейік, Үкіметтің отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек отандық тауарларды шетелге экспорттаудың негізгі проблемаларын да атады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<