Қазақстанның солтүстігінде 35 градусқа дейін ыстық болады

263

0

Қазақстанның солтүстігінде 35 градусқа дейін ыстық болады Синоптиктер 3-5 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидрометтің мәлімдеуінше, Қазақстанның батысындағы аптап ыстыққа себеп болып отырған антициклон алдағы үш күнде Ресейдің еуропалық бөлігінен жылжып келе жатқан циклонның ықпалымен шығысқа қарай ығысып, әлсірей бастайды.

«4-5 шілде күндері мұнда уақытылы жаңбыр жауып, күн күркіреуі мүмкін, екпінді жел соғып, аптап ыстық бәсеңдей түседі. Антициклонның шығысқа қарай жылжуына байланысты, республиканың солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарында ыстық әрі құрғақ ауа райы болжанады. Аталған өңірлерде күндізгі ауа температурасы климаттық нормадан 4…7 градусқа жоғары, атап айтқанда солтүстікте 30…35°С, оңтүстік пен орталықта 37…41°С айналасында болады», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қазақстанның шығысында және оңтүстік-шығысындағы жауын-шашынды ауа райы сақталады, найзағай жарқылдап, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр жаууы мүмкін.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<