«Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне», – делінген Ақорданың хабарламасында. Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды. Дархан Сатыбалды осыған дейін Парламент Сенатының депутаты қызметін атқарды. 2010-2011 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы, 2011-2013 жылдары премьер-министр канцеляриясының әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. 2013 жылдан бастап екі жыл бойы Шымкент әкімі, сондай-ақ, 2015-2017 жылдары ОҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметтерінде болды.
Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі тағайындалды
18.03.2019
308
0





