АЗАТТЫҒЫМ, ТАҢ НҰРЫМ

312

0

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік  –  азаттығым, таң нұрым» атты салтанатты жиын Жалағаш аудандық Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде өтті. Жиында қазақ халқының басынан өткен тарихи кезеңдерден көрініс көрсетілді. Жиынды аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев ашып, аудан халқын еліміздің ұлық мерекесі Тәуелсіздіктің 27 жылдығымен құттықтады.
– Бүгін бүкіл Қазақстан жұрты тәу етіп, құрмет тұтар ең асыл мереке – Тәуелсіздік күні қарсаңында бас қосып отырмыз. Бұл – барша қазақ­стандықтар үшін де, әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын қандастарымыз үшін де айрықша күн, ерекше мереке.
Бұл – азаттықты аңсаған бабаларымыздың асқақ рухы алдында, азаттық үшін жан алысып, жан беріскен аманаты алдында тағы бір тағзым ететін тарихи күн, – деді аудан басшысы.
 Салтанатты жиында Қ.Сәрсенбаев өңірдің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосқан түрлі сала өкілдерінің қызметкерлеріне облыс әкімінің, облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалының, аудан әкімінің алғыс хаттарын, аудан әкімінің құт­тықтауын, Жалағаш ауда­нының «Құрметті азаматы» атағын табыстады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<