«Қазгидромет» екі өңірде ескерту жариялады

197

0

«Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты екі өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 8 қаңтарда күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын күтіледі. Тәулік бойы кей жерлерді тұман басады. Оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 25 м/с артады.

8 қаңтар күні Шымкент қаласында түнде және таңертең оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с дейін күшейетіні күтіледі.

8 қаңтарда Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді деп болжануда.

Сондай-ақ Маңғыстау облысында кей жерлерді тұман басып, көктайғақ  болады.

Тұман мен көктайғақ, сондай-ақ Актау қаласында күтіледі.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<