ҚАЖ қызметкерлері мен ардагерлері марапатталды

282

0

Қазақстан полициясының 26 жылдығына орай Қызылорда қаласының Тасбөгет кентіндегі С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Мерекелік шара  Мемлекеттік әнұранның орындалуымен басталды. Шарада ҚР  Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың құттықтау жеделхаты оқылды.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық –атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Ғанибек Отарбаев ашып, қиындығы мен қызығы қатар жүретін салада  қызметкерлердің төзімділігі  қажырлы еңбектерін атап өтіп, Әрдайым анттарыңызға адал болып, елге абыройлы қызмет ете беріңіздер деп жылы лебізін білдірді. 

Мерекелік салтанатқа қатысқан ардагерлер қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің  еңбегін жоғары бағалап, төл мерекелерімен құттықтады.

Осы мерейлі күні ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлының құзырымен мерзімінен бұрын  әділет подполковнигі атағы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының  орынбасары Әбдіқайыров Жүніс Өтегенұлына берілді. ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының бұйрығымен  «Қылмыстық –атқару жүйесінің үздігі» медалімен ЗК169/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің әділет старшинасы Ибраимов Сұңғат Смағұлұлы марапатталды.

Өз қызметтерінде жоғары жауапкершілік танытып, адал еңбек еткендері үшін де біршама ҚАЖ қызметкерлері мен сала ардагерлері Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының бұйрығымен Алғыс хаттар мен Грамоталарғаа ие болды.

ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Отарбаев Ғанибек Сырмағанбетұлы ұжым атынан Қылмыстық – атқару жүйесі саласы мен тергеу қызметінде  ұзақ жылдар қызмет атқарып, зейнет жасына жеткен Қарсақбаев Жарас Сенбайұлы мен Абдамитова Сауле Пазылханқызын құттықтап, саланың дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, жеке құрамы атынан бағалы сыйлықтар табыс етті. Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты. Мәдениет үйінің өнер жұлдыздары ҚАЖ кызметкерлеріне ән шашуын арнады.

                                                                                                                                                                                                                 

Қызылорда облысы бойынша 

Қылмыстық атқару жүйесі департаменті 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<