Ақжарма ауылдық округінде «Мәдениет үйі» пайдалануға берілді

349

0

Кеше, қалаға қарасты Баймұрат батыр ауылында жаңа Мәдениет үйі пайдалануға берілді.
Заманауи талаптарға сай бой көтерген бұл ғимаратта, 150 орындық көрермен залы, кітапхана, үйірме, хореография залдары, ардаргерлер бөлмесі, тағы басқа ауыл тұрғындарының мәдени демалысына қажетті мүмкіндіктер қарастырылған.
Жалпы құны 272 млн. теңге болатын бұл ғимрат мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған.
Құрылысты белгілі кәсіпкер, қалалық мәслихат депутаты Қайрат Орынбасарұлының басшылығындағы мердігер мекеме жүргізген.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңыда ауыл тұрғындарына үлкен тарту болған Мәдениет үйінің ашылу салтанатына қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев арнайы қатысып, барша ауыл тұрғындарын айтулы қуаныштарымен құттықтады.
«Бұл нысан, алдағы уақытта ауыл халқының рухани сұранысын қанағаттандырып, ұлттық өнерімізді ұлықтап және осы ауылдың өнерпаз жастарын жұлдызын жағатын, тек бір ауылдың ғана тұтас өңіріміздің рухани өмірін өркендетуге септігі бол мәдениет ошағы боларына сенімдімін.
Себебі, өнер – кез келген елдің руханияты мен мәдениетінің, дәстүрі мен салтының, ұлттық болмысының өлшемі», – деді қала әкімі Өз құттықтауында.
Алдағы уақытта, бұл мәдениет үйінде ән, би, «Сыр Орда» ВАА, «Көркемсөз» мәнерлеп оқу, «Сәулем-ай» әжелер ансамблі, «Домбыра» секілді 6 үйірме жұмыс жасап, 13 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Айта кету керек, осы ауылда мәдениет үйін салу мәселесі бұған дейін есептік кездесулерде жиі көтерілетін өзекті мәселелердің бірі болатын.
Сол себепті, қала әкімі Н.Нәлібаев ауыл тұрғындарына берген уәдені орындау үшін жедел шешімдер қабылдап, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында осы мәселені толық шешілуіне ықпал жасады.
Бұған дейін де осы ауыл тұрғындары есепті кездесуде көтерген тағы бір мәселе, Талдыарал елді-мекеніндегі ұзындығы 3,4 шақырым болатын кіре беріс жолдың мәселесі оң шешімін тапқан.
Жалпы, қаламен қатар қалаға қарасты елді-мекендердің әлеуметтік әлеуетін арттыруда экономикалық жобалар жүзеге асырылуда.
Осындай игі істердің дәлелі, жақында ғана Белкөл кентінде кәсіпкерлердің демеушілігімен балалар ойын алаңы мен спорт кешені, кент орталығынан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында заманауи медициналық амбулатория пайдалануға берілсе, Тәуелсіздік күні қарсаңында Тасбөгет кентінің орталығынан «Карамель» сауда ойын-сауық кешені пайдалануға берілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<