Азиада-2018: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті

286

0

Азиада-2018: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК баспасөз қызметі мәлім еткендей, шпагашы Дмитрий Алексанин Азия ойындарының чемпионы атанып, ел қоржынына алғашқы алтын медальды сыйлады. Ол финалдық бәсекеде Рио Олимпиадасының чемпионы Сан Ен Пакты жеңді. Дмитрий үш кезең бойы есепте алда тұрды. Десе де, соңғы кезеңде Олимпиада чемпионы біздің спортшыны қуып жеткен болатын. Соңғы секундтарда сәтті шабуыл жасаған Алексанин қарсыласын қапы қалдырып, Азиаданың чемпионы атанды. Қорытынды есеп – 15:12. Айта кетейік, жартылай финалда Алексанин Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы Джунг Джинсуннан басым түскен болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<