Естеріңізге сала кетейік, бүгін велоспорттан жекелей сында қазақстандық Алексей Луценко жеңімпаз атанып, үшінші алтынды ел қоржынына салған болатын. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы жалпы есепте Моңғолияны артқа сырғытып, 12-ші орыннан 11-шы орынға көтерілді. Дәл қазіргі есеп бойынша Қазақстан еншісінде 3 алтын, 7 күміс, 19 қола медаль бар.
Азиада-2018: Қазақстан үшінші алтыннан кейін жалпы есепте бір саты жоғарылады
24.08.2018
283
0





