Азиада-2018: Дмитрий Баландин финалға өтті

295

0

Азиада-2018: Дмитрий Баландин финалға өтті Индонезияда Жазғы Азия ойындарының төртінші жарыс күні басталды.
Индонезияда өтіп жатқан ХVIII Жазғы Азия ойындарында бүгін Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин брасс әдісімен 100 метрге жүзуде Азия ойындарының финалына өтті.
ҚР ҰОК баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол іріктеу кезеңінде мәреге екінші болып келді. Оның көрсеткіші – 1.00.07.
Бірінші орында біздің спортшыдан сәл ғана озып кеткен қытайлық спортшы тұр. Дмитрий Баландин жарақатына байланысты 200 метрге брасс әдісімен жүзу жарысына қатыспайды. Дәл осы қашықтықта Баландин Рио Олимпиадасының чемпионы атанған болатын.
Ал осы қашықтықта сынға түскен тағы бір қазақстандық спортшы Әлібек Қамзенов іріктеу кезеңінде 14-орынға шығып, жарыстан тыс қалса, тағы бір отандасымыз Әділбек Мусин 100 метр қашықтықта баттерфляй әдісімен жүзуде 52.99 секунд нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды.
Әділбек Мусин өз тобында Рио Олимпиадасының чемпионы, сингапурлық Джозеф Скулингті ғана алдына жіберіп, екінші нәтиже көрсетті. Жалпы есепте 5-орын алған жерлесіміз енді финалдық бәсекеде бақ сынайды.
Еске салайық, Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарының үшінші жарыс күнін Қазақстан құрамасы 13 медальмен аяқтаған еді: бір алтын, бес күміс және жеті қола.

baribar.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<