ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі мәлім еткендей, көпсайыс бойынша екі күнге созылған іріктеу кезеңінен соң финалдық сында бақ сынайтын спортшылардың есімдері белгілі болды. Іріктеу қорытындысы бойынша, Әсел Марленова мен Ришат Хабибуллин жүлдеге таласады. Финалдық сын 26 тамыз күні өтеді. Айта кетейік, Азия ойындарына 440 қазақстандық спортшы қатысып жатыр. 18-ші тамыз күні алауы тұтанған «Сары құрлық» додасы 2-ші қыркүйек күні өз мәресіне жетеді.
Азиада-2018: Спорттық құзға өрмелеуден қазақстандық споршылар финалға шықты
25.08.2018
322
0





