Азия даму банкі Қызылорда – Жезқазған жолына бөлетін қаражатты ұлғайтты

553

0

Фото: syrboyi.kz

Қызылорда – Жезқазған жолының Ұлытау облысына тиесілі жағын жаңалауға келесі жылы 50 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды Kazinform. 

«Біздің ең үлкен проблемамыз – жолдар. Әсіресе Қызылорда мен Жезқазған арасындағы жол. Қызылорда жағындағы бөлігі аяқталуға жақын. Ал Жезқазған жағындағы бөлігі бағаның өсуіне байланысты тоқталған болатын», – деп еске алды әкім.

Аталған жолдың Жезқазған бөлігіне деп бөлінген 90 млрд теңгені мердігердің азсынғаны бұған дейін айтылған болатын.

«Қазір үкімет Азия даму банкімен бірлесіп, жоба құнын 145 млрд теңгеге дейін арттырды. Келесі жылға млрд теңгесі бөлінді, конкурс жүргізіліп жатыр», – деді өңір басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<