«Азия дауысы» фестивалі қайта жанданады

1310

0

Алматы әкімі Ерболат Досаев алдағы уақытта аты аңызға айналған «Азия дауысы» музыкалық фестивалін қайта жандандыруды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында қала әкімінен ірі музыкалық шараларды өткізу жайы сұралды. Қала тұрғындарының айтуынша, Димаш Құдайбергеннің соңғы концерті қалаға көптеген туристерді тартты. Тұрғындар қалада Иманбектің концертін және басқа да ауқымды музыкалық шараларды өткізуге болатынын атап өтті.

«Мәслихат қолдаған Алматыны дамыту бағдарламасында ауқымды жоспарларымыз бар. Жыл сайын адамдарды тарту үшін кем дегенде 30 тұрақты іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз, ол мәселе қазір пысықталуда. Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, «Азия дауысы» және басқа да тарихи қалыптасқан музыкалық фестивальдар мен іс-шараларды жаңғырту жоспарымызда бар», деді Ерболат Досаев.

Әкімнің айтуынша, Димаш Құдайбергеннің Орталық стадиондағы концерті соңғы 25 жылда алғаш рет ұйымдастырылып, қала билігі үшін тәжірибе болды. Енді олар Медеуге тау музыкасы фестивалін қайтармақшы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<