«Азия дауысы» мен «Жас қанат» ән байқаулары жанданады

658

0

«Азия дауысы» және «Жас қанат» ән байқауларын өткізу үшін «Азия дауысы» халықаралық фестивалі» қоғамдық қоры Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласы әкімдігімен келіссөздер жүргізуде.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қоғамдық қордың вице-президенті Темірлан Төлегенов айтты.

Спикер биыл «Азия Дауысы халықаралық фестивалі» қоғамдық қоры құрылғанын айтты.

«Өкінішке орай, пандемия кезінде Азия дауысының негізін қалаушылар Мұрат Ерғалиев пен Александр Понаморев қайтыс болды. Бірақ, үшінші құрылтайшы Ирина Ковыряко біздің көмегімізбен барлық құқықтарды қалпына келтірді. Яғни, биыл «Азия дауысы», «Жас қанат» сауда атауы мен «Азия дауысы» логотипіне қатысты барлық құқықтар қалпына келтірілді. Сондай-ақ, биыл «Азия дауысы» халықаралық фестивалі» қоғамдық қорын құрдық. Алматыда «Азия дауысы» мен «Жас қанат» ән байқауларын жандандыру үшін қазір Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласы әкімдігімен келіссөздер жүргізу үстіндеміз. Келесі жылы атақты ән байқаулары Алматыда қайта жанданатын болады деп ойлаймыз»,- деді Темірлан Төлегенов.

Еске салайық, Алматы әкімі Ерболат Досаев Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып, «Азия дауысы» және басқа да музыкалық фестивальдерді жаңғырту жоспарда бар екенін айтқан болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<