Шахматтан Өскеменде өткен жастар арасындағы ел чемпионатында жерлестеріміз 2 алтын, 3 күміс, 1 қола медальді қоржынға салды.
20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен додада Назерке Нұрғали мен Сұлтан Аманжол алтын медаль иеленіп, Индонезияда өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.
Сонымен қатар, рапидтен Əсел Серікбай І орынға ие болса, классикадан Сұлтан Аманжол мен Назерке Нұрғали күміс жүлдені иеленді. Ал блиц бойынша Назерке Нұрғали алтын медальді иеленсе, Сақыпжамал Бармағамбетова қола жүлдеге қол жеткізді.
Дәулет ҚЫРДАН.