«Қазпошта» арқылы онлайн-сауда дамуда

348

0

«Қазпошта» арқылы онлайн-сауда дамуда Электрондық коммерция өнімдерін жеткізу көлемінің 70%-ын «Қазпошта» АҚ-ның үлесі құрайды. Бұл туралы «Қазпошта» АҚ электронды сауда департаментінің директоры Мұстафин Сұлтан мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда онлайн-сатып алушылар 18-34 жастағы азаматтар болып табылады.

«Қазпошта» АҚ әр сағат сайын 10 мыңнан астам сәлемдеме қабылдайды және жібереді. Онлайн-сатып алулар жасайтын адамдардың көпшілігі – жастар. Электронды сауданы дамытушы, тапсырыс беруші қалалар есебіне Алматы қаласы бірінші орынды құрайды, бұл пайыздық көрсеткішпен 70%-ды құрайды», – деді Мұстафин Сұлтан.

2016 жылы Қазақстанға жеткізілген посылкалардың саны 15,3 млн бірлікті құрады, оның ішінде супермаркеттер арқылы – 553 мың, 2017 жылы – 21,9 млн , супермаркеттер арқылы – 1,8 млн, ал 2018 жылы бес айда – 11,6 млн, супермаркеттер арқылы – 2 млн. Поштаматтар арқылы, 2017 жылы 500 мың посылка жеткізілсе, ағымдағы жылдың басынан бастап бұл көрсеткіш 306 мыңды құрап отыр.

«Қазпошта» АҚ жақында өз жұмысын талдады және бүгінгі күні біз ғана емес, басқа да пошта әкімшіліктері электрондық сауда нарығының басты драйвері екенін анықтады. Себебі поштаның электрондық сауданы дамытудан басқа, интернет-дүкендерден, қаржылық технологиялардан және де басқасынан бөліп қарасақ, жеткізіп отыру негізгі ұстанымы және ерекшелігі болып отыр. Яғни неғұрлым жеткізу жылдамырақ болса, онда адамдар онлайн сатып алуды соғұрлым көбейтіп отырады», – деп айтып өтті ол.

Сондай-ақ, С.Мустафиннің айтуынша «Қазпошта» АҚ-ның маңызды бағыттарының бірі Қазақстанда электрондық коммерцияны дамытумен қоса, электрондық коммерцияға тікелей бағытталған бірқатар жобалар бар. Компанияда ірі аймақтарға посылкалар EMS Kazpost жеткізу қызметі арқылы тәулік сайын жеткізілетінін атап өтті.

2018 жылдың алғашқы 5 айында Қазақстанда электронды коммерция нарығының көлемі 101 млрд теңгені құрады. «Қазпочта» АҚ болжамына сәйкес, жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 302 млрд. теңгеге дейін өседі және бөлшек сауданың 2,9%-ын құрайды.

Естеріңізге сала кетелік, бүгінгі таңда «Adrome Automation» ЖШС-мен бірлесіп, мерзімді басылымдарды аудандық пошта орталықтарынан алыс қашықтықтағы пошта посттарына жеткізу мақсатында Қазақстанның 4 облысының 9 ауданында 30 маршруттан дрондарды ұшырып тәжірибеден өткізген, нәтижесі көңіл толтырарлық.

2017 жыл бойынша ұшу аппараттарының көмегімен 1150 кг мерзімді басылымдар тасымалданды, жалпы есептегенде ұшу уақыты 460 сағатты құраса, ұшып өтілген жол 16 мың километрден асты. 2017 жылдан бүгінгі күнге дейін 1600 кг тасымалданса, жалпы ұшу уақыты 700 сағатқа, ал ұшырылған қашықтық 22 мың км-ге дейін көбейіп отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<