«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы 2018-2019 жж. жылыту маусымына газ тарату нысандарын дайындау бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуіне байланысты, 2018 жылдың 4 маусым күні ХҚКО, Ескі базар аумағы, ТЖ вокзал аумағы, Титов қыстағы, Гагарин қыстағы, «Арай» және «Сәулет» шағын аудандарында тұратын абоненттер сағат 9.00-ден бастап 16.00-ге дейін газбен жабдықтау жүйесінен уақытша ажыратылатынын хабарлайды.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы атынан (индекс 120003, Қазақстан Республикасы, Қызылорда қ., Бейбарыс Сұлтан к., 1 үй) активтерді (НҚ және ТМҚ) іске асыру мақсатында ағылшын әдісімен аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.
Сатылатын объектімен танысатын күн және уақыт: 2018 ж. 04-11 маусым аралығында сағат 09:00 – 17:00-ге дейін танысуға болады.
Активтің құны сатып алу-сату шартына қол қойылған сәттен бастап 15 (он бес) күн ішінде 100% мөлшерде төленеді.
Аукционға қатысу үшін лот сомасынан 5 (бес) % мөлшерде кепілдік жарна енгізу қажет. Өтінімдерді қамтамасыз ету 2018 жылғы 12 маусым, сағат 17:00-ге дейін келесі банктік шотқа: «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы, БСН: 020440001144, БИК: HSBKKZKX, ИИК КZ806010201000027651 «Қазақстан Халық банкі» енгізіледі.
Аукционды өткізу күні және уақыты: 2018 ж. 14 маусымында сағ. 10:00-де .
Аукцион өткізілетін орын: Қызылорда қ., Бейбарыс Сұлтан к., 1, 414-бөлім, 4-қабат.
Аукционға қатысуға арналған өтінімдер келесі мекенжайда қабылданады: Қызылорда қ., Бейбарыс Сұлтан к., 1, 417-бөлім, 4-қабат, 2018 жылғы 12 маусым сағат 17:00-ге дейін.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін ұсыну қажет:
1) еркін нысанда рәсімделген аукционға қатысуға арналған өтінім;
2) паспорттың немесе жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кепілді жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы және көшірмесі;
4) өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжат (егер қатысушы өзінің өкілі арқылы қатысса).
Заңды тұлғалар жарғының (барлық өзгертулерімен және толықтыруларымен) заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтаманың нотариалды расталған көшірмелерін қосымша береді.
Қосымша ақпаратты келесі телефон арқылы алуға болады: 8 (7242) 55-17-42, 55-17-44 (іш.2833)
(«Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінен
2015 жылдың 27 қарашасында №15001650 мемлекеттік лицензиясы берілген)
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<