Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте
облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Брифингте Мұса Оспанұлы азық-түлік бағамына қатысты 17 сауда орнына тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Бүгінде оның 8-іне әкімшілік шара қолданылған.
– Тұрғындардың көп жағдайларда үй жанындағы дүкендер мен шағын маркеттердің қызметіне жүгінетінін ескере отырып, бірінші кезекте осы нысандарға бағаны негісіз өсірудің жауапкершіліктері ескертілді. Осы жұмыстар аясында 2 192 кәсіпкерлік субъектісіне хабарламалар беріліп, аталған нысандарға апта сайын мониторинг жүргізілуде, – деді басқарма басшысы Мұса Қалдарбеков.
Айта кету керек, аталмыш мәселе облыс әкімдігінің тікелей бақылауында.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<