Кеше Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің ұйымдастыруымен аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев, «AMANAT» партиясының депутаттары Н.Ембергенова және Т.Қанатовтың қатысуымен аудандағы азық-түлік өнімдерін сататын сауда орындарына барып, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі өнімдерінің бағасына мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Мониторинг барысында кәсіркерлермен кездесіп, азық-түлік өнімдерінің бағасын негізсіз өсірмеу, белгіленген шекті бағадан асырмау бағытында түсіндірме жұмыстары жасалды.
Жалпы базарлы нарықтың құбылып тұрған шағында мұндай бақылау жұмыстары баға тұрақтылығының алдын алатын бірден-бір жол. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да әкімдік тарапынан ұдайы жүргізіліп тұратын болады.
Арал ауданы әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<