Б.Құлтекенов атындағы аудандық жабық бассейн сапалы қызмет көрсетуде

277

0

Фото: Жалағаш ауданы

2021 жылдың қазан айынан бастап Жалағаш ауданында іске қосылған Б.Құлтекенов атындағы аудандық жабық бассейн қазіргі уақытта тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

Бассейн жеке кәсіпкер Қ.Құлтекеновтың жеке қаражаты есебінен 307,0 млн теңгеге салынған. Нысанда 34 қызметкер тұрақты жұмыспен қамтылған. Бассейннің сыйымдылығына сәйкес жаттығу залы мен жүзу спорты бөлімі де жұмыс істейді.

Бассейннің жұмысымен танысқан аудан әкімі Ардақ Ибраимов, сапалы қызмет көрсетумен қатар, санитарлық тазалықты қатаң сақтаудың тұрғындар үшін өте маңызды екенін атап өтті.

Алдағы уақытта жоспарлы іс-шаралар бекітіліп, кәсіби деңгейде спортшылар қатарын арттыруға баса назар аударылатын болады.