Қызылорда облысы ТЖД ұжымы Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жұмыстарын көрсетуге белсене атсалысқан қалам мен микрофон иелерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Осы бағыттағы ізгі ниеті мен Төтенше жағдайлар департаменті ұжымының атынан құттықтау сөзін қанатты қалам иелеріне Қызылорда облысы ТЖД бастығының кеңесшісі Ботабаев Тұңғышбай Шалтақбайұлы жеткізді.
– Күн сайын орта есеппен 8-10 шақырулар түсіп, облыстық ТЖД өрт сөндіруші жауынгерлері мен құтқарушылары алапат өртті ауыздықтауға атсалысып келеді. Тұрғын үйлер, саяжай, учаске, автокөліктер өртенуде. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың мақсаты – төтенше жағдайды жойып, адам өмірі мен материалдық құндылықтарды құтқарып қалу. Журналистер осы кезде өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қиын да қатерлі ерлігін көрсету үшін от кешіп кететіндері бар, – деді ол.
Облыстағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бағытындағы іс-шараларға өз үлесін қосып жүрген бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін мерекелік сый-сияпаттармен марапатталды.
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<