БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

309

0

Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысы Еркінбек Байболов БАҚ өкілдерімен кездесіп, төл мерекесімен құттықтады.

«Күнделікті тірлікте «төртінші билік» саналатын журналистер қауымының тәуелсіз Қазақстанның белсенді дамуы жолында жасаған ерен еңбектерін бүгінгі кәсіби мерекелеріңізде ерекше бағалап, құрметпен атап өтеміз. Бүгінгі мереке – тек Сіздердің еңбектеріңізге сый-құрмет көрсетілетін, ұшқыр қиялдарыңыздың жемісін ұлықтайтын күн.

Сіздердің ақпаратты жан-жақты жеткізгендіктеріңіздің арқасында аймақ, тіпті республика жұртшылығы департамент жұмысынан хабардар. Алдағы уақытта да Өздеріңізбен бірге жүйелі жұмыстар жасаймыз деген сенімдемін», – деді полковник Еркінбек Байболов.

Шара барысында республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің арнаулы алғыс хаттары және, сыйлықтармен марапатталды.

Айта кету керек, Қызылорда облысының аумағында 90-нан астам БАҚ тіркелсе, республикалық БАҚ өкілдерінің 10-нан астам журналистік қосыны жұмыс жасайды. Осы ретте, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті аталмыш БАҚ өкілдерімен тұрақты әріптестік байланыс орнатқан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<