БАӘ Сирияда елшілігін ашты

205

0

Біріккен Араб Әмірліктері Дамаск қаласынан қайта елшілігін ашты, деп хабарлайды «Хабар 24». 
Бұған дейін дипломаттар үйі 2011 жылы басталған сириялық қақтығыстың алғашқы айларында-ақ жабылып қалған еді. Арабиялық Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бейсенбі күні Сириядағы елші өз жұмысына кірісіп кетті. Ғимараттың ашылуы екі ел арасындағы жағдайды тұрақтандыруға септігін тигізбек.
 «Рейтер» агенттінің ақпарына сәйкес, Араб Әмірліктері Асад тәртібіне қарсы қарулы топты қолдайтын бірнеше араб мемлекеттерінің қатарында болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<