Бағдат Қайыров – \»Қайсар\» құрамында

267

0

Қызылорданың «Қайсар» командасының құрамы қазақстандық қорғаушы Бағдат Қайыровпен толықты. 
Бағдат Қайыров 1993 жылы 17 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Футболшылық ғұмырын 1992 жылы сол қаладағы «Ақтөбе-жас» командасынан бастады. 2015 жылы Ақтаудың «Каспий» командасында доп тепсе, 2016 жылдан бері «Ақтөбенің» намысын қорғады. Аталмыш ұжымда 102 ойын өткізіп, қарсыластар қақпасына 2 гол соқты.
2016 жылы «Ақтөбе» командасы сапында Еуропа лигасында ойнады.
Биыл «Қайсар» Еуропа лигасында бақ сынайды. Команда былтыр Қазақстан кубогына қол жеткізді. Қазіргі таңда Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жүр. Команданың оқу-жаттығу жиынына қазақстандық футболшылармен бірге Ресейден Алексей Шумских, Украинадан Ризван Аблитаров, Мозамбиктен Режиналдо Файфе, Португалиядан Нани, Кабо-Верде елінен Элвин Фортес шақырту алды. 
Бұған дейін «Қайсар» қазақстандық қорғаушы Елдос Ахметовпен келісімшарт жасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<