Бағдарламаның игілігін көруде

379

0

Қазіргі уақытта «Балық шаруашылығын дамыту мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі №208 қаулысымен бекітілген балық шаруашылығын дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылуда.

Жалпы 2021-2030 жылдары болжамды есептеулер бойынша Бағдарламаны іске асыруға 541,3 млрд теңге, оның ішінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 200,7 млрд теңге және бюджеттен тыс қаражат есебінен 340,5 млрд теңге қажет болады.

Бұл ретте, балық шаруашылығын субсидиялауға 2021 жылдан 2023 жылға дейін 5,6 млрд теңге бөлінді.

Мәселен, 2023 жылдың өткен кезеңінде балық шаруашылығы субъектілері 600 млн теңгеден астам сомаға субсидия алды.

Қазіргі уақытта ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасының балық ресурстарын сақтау, өсімін молайту және орнықты пайдалану, мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын енгізу, сондай-ақ ғылыми және кадрлық қамтамасыз етуді күшейту жөніндегі шараларды көздеу бөлігінде өзгерістер пысықталуда.

Бағдарлама іс-шараларының практикалық іске асырылуы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бақылауында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<